Сирия БҰҰ-дан АҚШ-тың басқыншылығына тосқауыл қоюуын сұрады

Фотография - Сирия БҰҰ-дан АҚШ-тың басқыншылығына тосқауыл қоюуын сұрады

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Сирия елшісі Башар Джафари БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге, сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне (ҚК) Сирияға қарсы "кез-келген басқыншылыққа" жол бермеуді сұрады.

157 0

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Сирия елшісі Башар Джафари БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге, сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне (ҚК) Сирияға қарсы "кез-келген басқыншылыққа" жол бермеуді сұрады.

Бұл туралы Сирия БАҚ-тарына сілтеме жасап, Reuters хабарлайды.

"БҰҰ Бас хатшысы Сирияға қатысты кез-келген басқыншылыққа жол бермеу және Сириядағы саяси дағдарысты реттеу міндетін өз мойнына алуы тиіс", - деп хабарлады Сирияның дипломатиялық өкілі өз хатында.

Сонымен қатар, Б.Джафари "АҚШ өз саясатымен келіспеген кез-келген мемлекетке қарсы күш қолданатын мемлекет ретінде емес, Сирия бойынша халықаралық конференцияны дайындауда бейбітшілікке бастамашылық етіп, Ресейдің серіктесі ретінде болуы тиіс" деп баса айтты.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама Сирияға қарсы әскери әрекет етуді ресми түрде мақұлдауын сұраған. Ұсынылған заң жобасы бойынша, сириялық үкіметке химиялық қаруды қолдануға жол бермеу үшін әскери күштерді пайдалануға рұқсат берілді. Аталған мәселе конгресс сессиясы басталғаннан кейін 2013 жылғы 9 қыркүйекте дауысқа салынады.

АҚШ билігі бейбіт халыққа қарсы нервнопаралитикалық газды қолданғаны үшін жауапкершілік Сирия президенті Башар Асадтың ресми тәртібінде жатыр дейді. 1 қыркүйекте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри 21 тамызда Дамаск қаласының маңында химиялық қару қолданылғаны туралы жаңа дәлелдерді жариялады. Бірақ Сирия билігі бұл оқиғаға қатысты біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!