24 жыл бойы жүрегі асқазанында соққан

Фотография - 24 жыл бойы жүрегі асқазанында соққан

Қытайда 24 жасар жігіттің асқазанындағы жүрегін орнына ауыстырып салу операциясы өтті. Хуан Жунмин туғанынан жүрегі асқазанында көрінеді

284 0

Қытайда 24 жасар жігіттің асқазанындағы жүрегін орнына ауыстырып салу операциясы өтті. Хуан Жунмин туғанынан жүрегі асқазанында көрінеді. Оған қоса, жүрек теріге тым жақын орналасқандықтан операцияны өте мұқияттылықпен жасауға тура келген.

Бала күнінде ата-анасы Хуанға аулада балалармен ойнауға тыйым салып келген. Оқта-текте бала алқынып, дем ала алмай қалады екен.

Туылған күні ақ дәрігерлер баланың мұндай аурумен ұзақ жыл өмір сүре алмайтынын айтқан. Кардиохирург Дун Няньго мұндай аурумен 24 жыл өмір сүрген адамды көріп таң қалды.

Талдау жүргізе келе, Жунминнің жағдайы күн санап нашарлап келе жатқаны анықталған. Сондықтан шұғыл түрде операция жасауға тура келген. Хирургтардың ақысын төлеуге Хуанның ата-анасының ақшасы болмаған. Кейіннен сырқат баланың ахуалы газет беттерінде жарияланғаны сол екен, қажетті қаражат бір апта ішінде жиналды.

Күрделі операция бірнеше сағатқа созылып, жүрек орнына орналастырылды. Қазір Хуан Жунминнің жағдайы жақсы, бұрынғыдай алқыну, демігу сынды аурулар мазаламайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!