Интерпол миллиардер С.Керимовке іздеу жариялады

Фотография - Интерпол миллиардер С.Керимовке іздеу жариялады

 Бұл туралы Беларусь телевидениесі елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

174 0

 Ресейлік «Уралкалий» компаниясы қожайындарының бірі Сулейман Керимовке Интерпол халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Беларусь телевидениесі елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Миллиардер С.Керимовке билік пен қызметтік өкілеттілігін теріс мақсатта пайдаланды деген айып тағылуда. Ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұдан бұрын С.Керимовтың адвокаты Анатолий Кучерена Беларусь Президенті Александр Лукашенконы «Уралкалий» төңірегіндегі дау-дамайды шешуге шақырған болатын.

26 тамыз күні «Уралкалийдің» бас директоры Владислав Баумгертнер республика премьер-министрі Михаил Мясниковичпен кездескеннен кейін тұтқындалған. Ресейлік компанияның топ-менеджері билік пен қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Беларусь Тергеу комитеті В.Баумгертнердің әрекетінен 100 млн доллар шығын келді деп отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!