Қырғызстанның ҰҚК мамандары тағы бір төңкерістің алдын алды

Фотография - Қырғызстанның ҰҚК мамандары тағы бір төңкерістің алдын алды

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мамандары республика билігін құлатып, бейбіт қоғамда дүрбелең тудырмақ болғандарды ұстады, деп хабарлайды Қырғызстан МҰҚК-нің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің қызметкерлері

132 0

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мамандары республика билігін құлатып, бейбіт қоғамда дүрбелең тудырмақ болғандарды ұстады, деп хабарлайды Қырғызстан МҰҚК-нің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің қызметкерлері.

Мемлекеттік телеарнаның эфирінен МҰҚК жедел қызметкерлері түсіріп алған бейнежазба көрсетілді. Онда оппозиция құрылтайын ұйымдастырушы Эрланбек Өмірәлиев ел билігін құлату жөніндегі оппозицияның радикалды жоспарлары туралы айтып берген. Мұндағы әңгіме өтетін ереуілдің үш сценариі туралы.

«Кувакы» деп аталатын жобалардың бірінде наразылық акциялары жазылған. Елдегі оппозиция мүшелері 8-10 қыркүйек аралығында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бішкекке жасайтын ресми сапары кезінде ереуілге шықпақшы.

Жүздеген адам Ыстықкөл облысындағы Бішкек-Қаракөл автожолын жабуды жоспарлап отырған көрінеді. Яғни, ел астанасынан Ыстықкөл шипажай аймағына дейінгі жолдар жабылады деген сөз. Ал мұнда қазіргі кезде Ресей қаржысына Нарын ГЭС сарқырамасы салынып жатыр.

Өмірәлиев «аймақта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар Нарын өзенін улап, суқоймаға қасақана уланған балықтарды жібермекші» дейді. Оппозиционердің айтуынша мұның бәріне «Құмтөр» кәсіпорны жауап беруі тиіс. Бұл акцияға «Хизб-ут-Тахрир» радикалды діни тобының мүшелерін де тартуды жоспарлап отыр екен. Өмірәлиев билікті құлатудың үшінші сценариі жайлы тіс жарған жоқ, алайда, алғашқы екі сценариден әлдеқайда күштірек болады, деп сендірді билік орындарын. Лаңкестік акциялар ұйымдастырудан да тайынбайтынын жеткізді оппозиционер.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!