Қырғыз оппозиционерлері тергеуге шақырылды

Фотография - Қырғыз оппозиционерлері тергеуге шақырылды

Тергеуге шақыруға мемлекеттік телеарнадан дүйсенбіде оппозицияның іс-әрекетіне қатысты даулы видеоның көрсетілуі себеп болған. 

241 0

Қырғызстанда оппозицияның бірнеше жетекшісі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетке (ҰҚМК) тергеуге шақырылды. Тергеуге шақыруға мемлекеттік телеарнадан дүйсенбіде оппозицияның іс-әрекетіне қатысты даулы видеоның көрсетілуі себеп болған. 

Видеода жас белсенді Ерланбек Өмірәлиев "оппозициялық саясаткерлер Аликбек Жекшенқұлов, Құбанычбек Қадыров, Садыр Жапаров және Талант Мамытов Нарын өзенін улап, сол арқылы Бішкек-Нарын тас жолын жабуға астыртын сөз байласқанын" айтады. Өмірәлиевтің сөзіне қарағанда, оппозициялық саясаткерлер үкіметке қарсы жаппай қарсылықтар тудыру үшін тыйым салынған исламшыл "Хизбут-Тахрир" қозғалысының белсенділерін іске тартпақ болған.

Оппозициялық "Ақиқат" партиясының жетекшісі Аликбек Жекшенқұлов видеода аттары аталған оппозиция жетекшілері сейсенбіде ҰҚМК-ге шақырылғанын растады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!