Әбу-Дабиде ҚХР-ден келетін туристердің саны артуда

Фотография - Әбу-Дабиде ҚХР-ден келетін туристердің саны артуда

2013 жылдың алғашқы жеті айында Әбу-Дабиге 23618 Қытай туристері келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық

166 0

2013 жылдың алғашқы жеті айында Әбу-Дабиге 23618 Қытай туристері келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық. БАӘ астаналық әмірлік билігі ҚХР-ден келетін туристер санының әрі қарай артуын күтеді.

Әбу-Дабидің туризм және мәдениет жөніндегі атқарушы органы нақтылаған мәліметтері бойынша, ҚХР азаматтары БАӘ астанасының 146 қонақ үйінен орташа келіп тұру мерзімі үш-төрт күнге 44 094 түнгі орынды броньдап қойған.

Бүгін Әбу-Дабиде өткен ҚХР туристік операторларының екінші саммитінде сөз сөйлей келе, туризм және мәдениет саласындағы басқару стратегиясы және саясаты жөніндегі директор Мохаммед Әл Дахери әмірліктің туристік индустриясы қазіргі уақытта Қытайдан келген қонақтардың нақты қажеттіліктеріне бейімделу қажеттігін жақсы түсінетінін айтты.

Осылайша, жергілікті туристік операторлар қытай халқы үшін «қиын» уақытта, мысалы, шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу күндерінде пайдалануға жолдама ұсынады, сондай-ақ, қытай тілін білетін қызмет көрсетушілерді көбірек тартуға тырысады.

Қытай туристері Әбу-Дабидің «Yas Waterworld» аквапаркі, Яс және Саадият аралдарындағы қоғамдық жағажайлар сияқты назар аударарлық орындарына қызығады.

Әмірліктің «Etihad» авиатасымалдаушысы «Air Seychelles»-мен альянс бойынша Гонконгтен Әбу-Дабиге апта сайын үш сапарды жүзеге асырады. Сондай-ақ, әмірлік авиакомпаниясы Бейжіңнен БАӘ-іне, Шанхайдан Чэндуге қосымша сапарға шығып, «Hainan Airlines» компаниясымен бірге қызмет істейді.

VISA мәліметтері бойынша, қытай туристері 2012 жылы БАӘ-іне 258 миллион доллар жұмсаған, бұл 2011 жылғы шығындардан 14 пайызға артық. Шетелдік туристер шығындарының сексен пайызы Әбу-Дабидің сауда ойын-сауық орталықтарына жұмсалады.


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!