Түркіменстан президентінің жаңа кітабы шықты

Фотография - Түркіменстан президентінің жаңа кітабы шықты

Ашғабатта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жаңа кітабының тұсаукесері болды. Мемлекеттік Turkmenistan.ru ақпараттық сайтының хабарлауынша, "Түркіменстанның емдік шөптері" деп аталатын кітаптың 5-томының тұсаукесері денсаулық сақтау министрлігінде өткен

243 0

Ашғабатта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жаңа кітабының тұсаукесері болды. Мемлекеттік Turkmenistan.ru ақпараттық сайтының хабарлауынша, "Түркіменстанның емдік шөптері" деп аталатын кітаптың 5-томының тұсаукесері денсаулық сақтау министрлігінде өткен.

Кітапта Түркіменстанда өсетін 150-ге тарта емдік өсімдіктер туралы мәліметтер беріліп, олардың түрлі ауруларға қалай пайдаланылатыны жайлы айтылады.

Бұрын денсаулық сақтау министрі болған Бердімұхамедов емдік шөптер медицинасы, Түркіменстанның денсаулық сақтау жүйесі және түркімен тұлпарлары туралы бұған дейін бірнеше кітап жазған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!