АҚШ-та Сирияға екі ай шабуыл жасауға рұқсат беретін құжат жобасы дайындалды

Фотография - АҚШ-та Сирияға екі ай шабуыл жасауға рұқсат беретін құжат жобасы дайындалды

АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар комитеті Сирияға шабуыл жасауға қатысты резолюция жобасына келісті

211 0

АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар комитеті Сирияға шабуыл жасауға қатысты резолюция жобасына келісті, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

Reuters-тің мәліметі бойынша, күш қолдануға рұқсат беретін құжат 60 күн шабуылға келісім берген, алайда ол қажет болса тағы 30 күнге созылуы мүмкін. Құжатта АҚШ-тың қарулы күштеріне Сирия аумағындағы жер бетіндегі операцияларға қатысуына тыйым салынған.

Резолюция жобасы бүгін Сенаттың аталмыш комитетінде дауысқа салынады. Егер комитет оның мәтінін құптаса ол 9 қыркүйекте сенаттың отырысында дауыс беруге ұсынылады. Американың Сенат депутаттары сол кезде жазғы демалыстан оралады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!