Сирия оппозиясы Б. Асад армиясы тарапынан тағы да химиялық шабуылдың орын алғандығын мәлімдеді

Фотография - Сирия оппозиясы Б. Асад армиясы тарапынан тағы да химиялық шабуылдың орын алғандығын мәлімдеді

Сирияда оппозиция жақтастары билік тарапынан тағы да химиялық шабуылдың орын алғандығын хабарлады. «Сирияның Ұлттық кеңесі» мәліметтері бойынша, Алепо қаласы сот-медициналық қызметінің бастығы елден Башар Асад режімінің жаппай қырып-жою қаруын қолдануға қатыстылығы дәлелдермен қашып кеткен

191 0

Сирияда оппозиция жақтастары билік тарапынан тағы да химиялық шабуылдың орын алғандығын хабарлады. «Сирияның Ұлттық кеңесі» мәліметтері бойынша, Алепо қаласы сот-медициналық қызметінің бастығы елден Башар Асад режімінің жаппай қырып-жою қаруын қолдануға қатыстылығы дәлелдермен қашып кеткен, деп хабарлады Утро.ру.

Оппозициялық күштердің ақпараттарына қарағанда, аталған шабуыл салдарынан 28 адам қаза тауып, 86 адам аурухана жеткізілген. Сонымен қатар олар Башар Асад режімі жоспарлап отырған тағы бір шабуыл туралы ақпарат бар екендігін айтуда. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта шабуыл жасалатын орынға 3 арнайы дайындалған команда жөнелтілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!