Санкт-Петербургте G-20 саммиті басталады

Фотография - Санкт-Петербургте G-20 саммиті басталады

Санкт-Петербургте бүгін, 5 қыркүйекте дамыған және дамушы 20 елдің саммиті (G-20) басталады

182 0

Санкт-Петербургте бүгін, 5 қыркүйекте дамыған және дамушы 20 елдің саммиті (G-20) басталады. Әлемдік экономиканың 90 пайыз үлесіне ие жиырма елдің басшылары саммитте экономикалық өсім, сауда, банк саласының ашықтығы және салық төлеуден жалтару мәселелерін талқылайды. 

АҚШ президенті Барак Обама саммиттің күн тәртібіне "химиялық қару қолданғаны үшін" Сирия президенті Башар Асад әскеріне қарсы әскери операция жүргізу мәселесін де шығарады деген болжам бар - деп хабарлады  azattyq.org 

АҚШ президенті Барак Обама G-20 саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспейді. Ол Ресей билігінің америкалық барлау қызметі құпияларын жария еткен Эдвард Сноуденге уақытша баспана бергені үшін Мәскеуге барудан да бас тартып отыр.

Барак Обама Ресейде гомосексуализмді "насихаттауға" тыйым салатын заңға байланысты ресейлік құқық қорғаушылармен кездесуді жоспарлап отыр.

Саммит екі күнге созылады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!