Әлемдегі ең қарт адам

Фотография - Әлемдегі ең қарт адам

Әлемдегі ең қарт адам Боливиядан табылды. Кармело Флорес Лаура есімді қария осыдан бір ай бұрын 123 жасқа толыпты

138 0

Әлемдегі ең қарт адам Боливиядан табылды. Кармело Флорес Лаура есімді қария осыдан бір ай бұрын 123 жасқа толыпты. Дегенмен, Титикака көлінің жағасында өмір сүретін шаруа өзінің нақты жасының қаншада екенін білмейді.

Есте сақтау қабілеті төмендеп кетсе де Кармело атайдің көзі өте жақсы көріп, құлағы жақсы естиді. Жейтіні тек күріш пен ет, үйінен алыстап ешқайда кетпейді деп хабарлайды "Россия 24". Өзінің ұзақ жасауына себебін ол Анд тауының таза суы мен үндіс халқының рухынан дейді ол - деп хабарлады baq.kz

Қазір ғалымдар қарияның нақты туған күнін анықтауға кірісті. Айтуларынша, 1940 жылға дейін Боливияда туу туралы куәлік деген ұғым болмаған. Тек шоқындырылған күні ғана шіркеудің кітапшасына жазылып отырған екен. Алайда, дін үйінің бұл құжаттарын көпшілікке көрсетуге тиым салынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!