АҚШ сенаты комитеті Сирия туралы қарарды мақұлдады

Фотография - АҚШ сенаты комитеті Сирия туралы қарарды мақұлдады

АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Сирияда әскери операция жүргізуді мақұлдайтын қарар қабылдады

181 0

АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Сирияда әскери операция жүргізуді мақұлдайтын қарар қабылдады. Қарарда әскери операция мақсаттарының бірі - қарсыласушы екі жақ арасындағы күш ара салмағын өзгерту болуы тиіс екені айтылған. Құжат оған қоса, Ақ Үйдің сириялық көтерілісшілерге көрсететін әскери және басқа да көмек көлемін ұлғайтуды қарастырады. Он сенатор қарарды қолдап, 7 сенатор қарсы дауыс берген.

3 қыркүйекте дайындалған қарардың алғашқы нұсқасында әскери операция мерзімі 90 күннен аспауы және Сирияда америкалықтардың құрлықтағы соғысқа қатыспайтындығы туралы екі шарт қана бар еді. Кейін республикашыл сенатор Джон Маккейн "Сириядағы америкалық әскери операцияның мақсаты көтерілісшілердің Башар Асад режимімен күресіне қолдау көрсету болуы тиіс" деп, қарарға өзгерістер енгізген.

Қарардың соңғы жобасы енді сенаттың қарауына түседі.

АҚШ конгресі де Сирияға соғыс ашу туралы қарарын дайындап жатыр.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!