Танзанияда америкалық медицина ғалымын піл таптап өлтірді

Фотография - Танзанияда америкалық медицина ғалымын піл таптап өлтірді

Танзанияда сейілдеп жүрген Калифорния университетінің деканы, медицина докторы Томас Макафиді піл таптап өлтірген деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

298 0

Танзанияда сейілдеп жүрген Калифорния университетінің деканы, медицина докторы Томас Макафиді піл таптап өлтірген деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

«Т.Макафи Африкаға демалыс кезінде барған, еліне қайтқан соң оны оңтүстік Калифорния университетінің Keck Medicine зерттеу қорының атқарушы директорлығына тағайындау күтіп тұрған», - деп көрсетілген хабарламада.

Оқыс оқиға «Тарангире» ұлттық саябағында орын алған. Доктор серігімен бірге қыдырып жүріп бір топ жабайы пілдерге тап болады. Екеуі қашқанмен Т.Макафи яағы тайып, құлап қалған.

Қазір ғалымның денесі қазір Танзанияда. Өйткені заң бойынша қазанама хабар туыстарының қолына тимейінше мәйіт ешкімге берілмейді.

Пілдер негізінен өздеріне қауіп төнгенде адамға шабуыл жасайды. Хайуанттар жылына Африка мен Азияда 500 адамның өліміне себепші болады екен.

Танзанияның «Тарангире» ұлттық саябағы - елдегі алтыншы ірі қорық. Оны аралап қайту, яғни сафари құны бір түнге 1 мың доллар.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!