Молдова ЕО-мен тығыз байланыс орнатпақ

Фотография - Молдова ЕО-мен тығыз байланыс орнатпақ

Молдова президенті Николае Тимофти Еуропа Одағымен жақын қарым-қатынас орнатуға тырысатынын мәлімдеді.

166 0

Молдова президенті Николае Тимофти Еуропа Одағымен жақын қарым-қатынас орнатуға тырысатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбіде Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Молдоваға ЕО-мен ынтымақтасу туралы келісім жасасу жоспарына орай ескерту жасағаннан кейін айтты. Николае Тимофти "молдовалықтар қысым мен қауіп-қатерде өмір сүре алмайды" деді.

Дмитрий Рогозин дүйсенбіде ЕО-мен жақындасу Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағының мәселесін шешуді қиындатып жіберетінін айтқан. Ол бұдан өзге Молдова ЕО-мен келісім жасаса, "Ресейдің арзан газынан қағылатынын" да ескерткен.

Мәскеудің қолдауына ие Приднестровье аймағы Молдовадан іс жүзінде 1990 жылдардың басында бөлініп кеткен.

Ресей пост-советтік елдерді, оның ішінде Украинаны ЕО-мен жақын қарым-қатынастан бас тартқызғысы келеді. Осы аптада Армения Кремльдің қысымымен көбіне Ресей үстемдік ететін Кеден Одағына кіретінін жариялаған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!