ОАР-дағы жол апатынан 27 адам көз жұмып, тағы 80-і жарақат алды

Фотография - ОАР-дағы жол апатынан 27 адам көз жұмып, тағы 80-і жарақат алды

Жұмаға қараған түні ОАР-дың шығысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды

121 0

 Жұмаға қараған түні ОАР-дың шығысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 27 адам көз жұмып, тағы 80-і жарақат алды, деп хабарлайды YTPO.ru.

Оқиға Дурбан қаласынан 15 шақырым жердегі Пайнтаун елді мекенінде болған. Жүк көлігі бірнеше автокөлікке соқтығысқан.

Ел президенті Джейкоб Зуманың орнын басатын Әділет министрі Джефф Радебе оңтүстік африкалық жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды. Ол қазір Ресейде G20 саммитінде жүр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!