Жынысын ауыстырған британ әскерінің сарбазы шариғат шәлісін жамылды

Фотография - Жынысын ауыстырған британ әскерінің сарбазы шариғат шәлісін жамылды

Британ армиясының бұрынғы әскери қызметкері Люси Валлендер ислам дінін қабылдап, сарбаз киімін саналы түрде шариғат шәлісіне айырбастады.

218 0

Британ армиясының бұрынғы әскери қызметкері Люси Валлендер ислам дінін қабылдап, сарбаз киімін саналы түрде шариғат шәлісіне айырбастады.

Алайда, оның алдағы өмірінің қалай өрбитінін анықтап берген өткен шағындағы үлкен өзгерісі оның қазіргі сеніміне қайшы келетінін айта кету керек.

28 жастағы Валлендер бұрын ер адам болған екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын жынысын ауыстырып, тиісті ем қабылдаған болатын.

Сөзіне қарағанда, ол балалық шағынан жыныстық ауытқушылыққа ұшырап, ақыры ота жасатып тынады.

Жылдар өте келе ол тағы үлкен өзгерісті басынан өткеруге тура келеді: Валлендер асыл дінімізбен танысып, мұсылман болады. Әйткенмен, бұзу оңай, түзеу қиын - оташының пышағынан қашпай, қанша тырысса да, қайран болмаған соң өткендегі қателігін түзеуден үміт үзуіне тура келді.

Кейін ол әлеуметтік желі арқылы әлдебір мұсылман ер-азаматымен танысып, оған тұрмысқа шығады. Олар бір шаңырақ астында тұрмаса да, бір-бірімен жиі жүздеседі. Люси күйеуіне өткен өмірі туралы жақ ашпағанын, алайда жұбайының бәрін сезетінін тілге тиек етті.

Валлендер асыл дініміздің барлық талаптарын сақтауға тырысқанымен мешітте оны әйелдер бөлмесіне әрең жіберетінін жеткізді. Өйткені, жамағаттың көпшілігі оны әлі күнге ер адам ретінде қабылдайды. Бұл жайында The DailyMail ақпарат көзі хабар таратты.

Бір ескеретіні, ислам дінінде адамның жынысына қатысты нақты үкім айтылған: адам жынысына қарай қалай жаратылды, сол қалпында қалуы керек. Бұл туралы аят, хадистерде айтылған.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!