Иран: ядролық келіссөзді СІМ жүргізеді

Фотография - Иран: ядролық келіссөзді СІМ жүргізеді

Иран президенті Хассан Роухани Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздерін жүргізуді сыртқы істер министрлігіне (СІМ) тапсырды.

117 0

Иран президенті Хассан Роухани Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздерін жүргізуді сыртқы істер министрлігіне (СІМ) тапсырды. Бұл туралы 5 қыркүйекте Иран президентінің ресми сайтында хабарланды.

Келіссөздерді жүргізу жайлы егжей-тегжейлі ешнәрсе айтылмаған. Бірақ Роуханидің жарлығында ендігі келіссөздерге Иранның атынан сыртқы істер министрі Мухаммад Жавад Зариф немесе министрлік өкілі қатысатыны айтылған.  

Бұған дейін келіссөздерді жүргізу міндетін Иран ұлттық қауіпсіздігінің жоғарғы кеңесі басшысы атқарып келген еді.

Роуханидің жарлығына қарағанда, енді келіссөздерге үкімет тікелей араласып отырмақ.

Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германиямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Батыс елдері Иранды "ядролық қару жасауға әрекеттеніп жатыр" деп айыптайды. Тегеран оны жоққа шығарады.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!