Еуропалық одақ Сирия соғысына араласқысы келмейді

Фотография - Еуропалық одақ Сирия соғысына араласқысы келмейді

Еуропалық одақ Сирия мәселесін БҰҰ аясында бейбіт жолмен реттеуді қолдайды. Бұл туралы Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан G20 саммитінде Еуропалық одақтың басшысы Херман Ван Ромпей мәлімдеді.

145 0

Еуропалық одақ Сирия мәселесін БҰҰ аясында бейбіт жолмен реттеуді қолдайды. Бұл туралы Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан G20 саммитінде Еуропалық одақтың басшысы Херман Ван Ромпей мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сириядағы жағдай осы заманның ең ірі гуманитарлық трагедиясы болып саналады. Осы уақытқа дейін бұл елден 2 млн.-ға жуық адам өзге мемлекетерге көшіп, босқындар қатарына қосылды. БҰҰ-ның қазіргі мәліметтеріне сәйкес, босқындардың басым бөлігі - 720 мың адам - Ливияға қоныс аударса, Иорданияға жарты миллионнан астам сириялық азамат кетіп қалған. Шекара аймақтарындағы уақытша орналастыру орталықтарында 460 мыңнан астам адам бар. Ирак 210 мың азаматқа босқын мәртебесін берді. Мысыр мен Алжирге де көшіп жатқан Сирия азаматтары баршылық. БҰҰ-ның мәлімдемесі бойынша Сириядан көшіп кеткен босқындардың шамамен жартысын 11 жастан кіші балалар құрайды.

Айта кетейік, АҚШ президенті Б.Обама БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне қарамастан, Сирияға қарсы әскери операцияны бастауға мүдделі. Қазір ол АҚШ Конгресінің қолдауын күтіп отыр. Алайда халықаралық шарттарға сәйкес, тек БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі ғана ондай әскери операцияға рұқсат бере алады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!