Ресейде гейлерді ата-ана құқығынан айыруды ұсынды

Фотография - Ресейде гейлерді ата-ана құқығынан айыруды ұсынды

Ресей депутаты Алексей Журавлев мемлекеттік думаға гейлерді ата-аналық құқығынан айыратын заң жобасын ұсынды

222 0

Ресей депутаты Алексей Журавлев мемлекеттік думаға гейлерді ата-аналық құқығынан айыратын заң жобасын ұсынды. Жобада гомосексуализмді нашақорлық пен балаларды жәбірлеу сияқты теріс құбылыстармен теңестіру қарастырылған. Гейлерден балаларын тартып алу шарасы да ұсынылған.

Думаға жолдаған түсіндірме хатында Журавлев "ата-ананың өзімен бір жыныстағы баласымен жыныстық қатынасқа түсуі бала психикасына үлкен зардап келтіреді" дейді. 

Таяуда ғана Ресейде "кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға" тыйым салатын заң қабылданған еді. Құқық қорғаушылар "заң азаматтарды жыныстық белгісіне қарай кемсітеді" деп наразылық танытқан еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!