Грекия полициясы жаппай наразылық шерулеріне дайындалып жатыр

Фотография - Грекия полициясы жаппай наразылық шерулеріне дайындалып жатыр

Грекияның экономикалық жағдайы туралы Премьер-министрдің жыл сайынғы баяндамасы кезінде Салоникиде төрт мың полиция қызметкері шолғындайды

278 0

Грекияның экономикалық жағдайы туралы Премьер-министрдің жыл сайынғы баяндамасы кезінде Салоникиде төрт мың полиция қызметкері шолғындайды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Кәсіподақтар сенбіде мемлекеттік қызметкерлерді жаппай жұмыстан босатуға қарсы ауқымды наразылық шерулерін жоспарлап отырған көрінеді.

2008 жылдан бері Грекияның экономикасы 23 пайызға қысқарды. Осы уақыт ішінде бұл ел халықаралық несиелер түрінде 200 млрд. еуродан астам қаржы алды.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша Грекия экономиканы құтқару үшін қосымша тағы 10 млрд. еуро сұрауы мүмкін. Алайда ел билігі шығыстарды қысқарту саясатын бұдан ары қарай күшейтпейтінін алға тартуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!