АҚШ пен Ресейдің көзқарасы бір арнаға тоғыспады

Фотография - АҚШ пен Ресейдің көзқарасы бір арнаға тоғыспады

«Жиырмалық тобы» қатысушы елдері көшбасшыларының Саммитінде Мәскеу мен Вашигнгтон Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өз тұрғыларын жақындата алмады

160 0

«Жиырмалық тобы» қатысушы елдері көшбасшыларының Саммитінде Мәскеу мен Вашигнгтон Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өз тұрғыларын жақындата алмады. Бұл жөнінде РФ президенті Владимир Путин «Жиырмалық тобы» қатысушы-елдері көшбасшыларының Саммиті аяқталғаннан кейін қорытынды баспасөз мәслихатында хабарланды.

В.Путин «жиырмалық» елдерінің көшбасшылары жұмыстың бірінші күнін бүкіл кеш бойы сириялық проблеманы талқылауға арнады деп атап өтті. Оның айтуынша, қазір әскери операция жүргізуді АҚШ, Түркия, Канада, Сауд Арабиясы, Франция жақтап отыр, Ұлыбритания парламенті оған қарсы шықты.

«ГФР канцлері өте сақтық танытуда. ҚХР, Үндістан, Индонезия, Аргентина, Бразилия, ОАР, Италия, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Рим Папасының жолдауын да естен шығармау қажет, ол соғыс қимылдарының жаңа толқыны басталуына жол беруге болмайтынын мәлімдеді», - деді В.Путин.

Ол сондай-ақ 21 тамыздағы Сириядағы химиялық шабуыл туралы да айта кетті. «Бұл содырлардың арандатуы, олар сырттан көмекке есеп жасап отыр деп санаймын», - деді ол.

«Еске сала кетейін, егеменді мемлекетке қарсы күш қолдану біріншіден, өзін қорғау үшін, екіншіден БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен ғана жасалуы тиіс», - деп атап өтті В.Путин.

РФ президенті солтүстік астанаға саммитке келіп, ресейлік әріптесімен жеке кездесуге ұмтылыс жасамады деген сыңайдағы АҚШ президенті Барак Обамамен оның қатынастары туралы болжамдарды де сейілтті.

«Біз АҚШ президентімен бүгін кездестік. Әңгіме шамамен 20-30 минутке созылды. Бұл өте мазмұнды, сындарлы әңгіме болды. Әркім өз пікірінде қалды. Мен оның дәйектерімен, ол менімен келіспеді, бірақ та бір-бірімізды тыңдадық», - деді РФ басшысы.

Ол сондай-ақ Б.Обамамен әңгіме кезінде Ресейден уақытша баспана алған Орталық барлау басқармасының және Ұлттық Қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден тақырыбы қозғалмағанын айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!