Жаңадан салынған ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр

Фотография - Жаңадан салынған ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр

Лондонның орталығында салынған жаңа ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр

241 0

Лондонның орталығында салынған жаңа ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр. Бұл жайында Вести.ру хабарлайды.

Walkie-Talkie деп аталатын зәулім ғимараттың сәулеті ерекше. Ол түгелдей дерлік шынымен қапталған және бір қырына қарай "шалқайып" тұр. Ал, нысанға күн түскен сәтте

оның сәулесі шағылысып, маңайында тұрған көліктерге түседі екен.

CITY A.M. деп аталатын жергілікті басылымдардың бірі Мартин Линдсей есімді тұрғынның сөзін мысалға келтіріпті. Ол аталған ғимараттың жанына көлігін бірнеше сағатқа қойып кеткен екен. Қайта келген сәтінде су жаңа "Ягуар" автокөлігінен еріген пластмасса ғана қалыпты.

Мартин Линдсейдің айтуынша, көліктің сырты бүлінбегенімен, ішіндегі панелі түгелі балқып кеткен.

Эдди Кэннон есімді ағылшын инженері де көлігіне зиян келгендігін айтып, шағымданып отыр.

"Мен өз минивэнімді ғимаратқа жақын жерге қойып кеткен болатынмын. Біраз уақыт өткеннен кейін келгенімде машина панелінің бір жақ беті түгелдей еріп кеткендігін көрдім.Ішіне кіргенімде күйген иіс пен жарық сәулені байқадым" дейді ол.

Қазіргі таңда құрылысшылар мен сәулетшілер мән-жайды анықтау үстінде. Ал, 37 қабатты ғимарат пайдалануға келесі жылы берілуі тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!