Башар Асад АҚШ телеарнасына сұхбат берді

Фотография - Башар Асад АҚШ телеарнасына сұхбат берді

Сирия Президенті Башар Асад ағымдағы жылдың тамыз айында Дамаск қаласының маңайында химиялық қару қолданды деген айыпты жоққа шығарып отыр

190 0

Сирия Президенті Башар Асад ағымдағы жылдың тамыз айында Дамаск қаласының маңайында химиялық қару қолданды деген айыпты жоққа шығарып отыр.Бұл туралы Сирия басшысы американдық CBS News телеарнасына жексенбі күні берген сұхбатында мәлімдеді. «Онда менің өз халқыма қарсы химиялық қару қолдану жөнінде бұйрық берді деген ешқандай дәлелдер келтірілмеді», - деді Б.Асад. Сонымен бірге неміс бұқаралық ақпарат құралдары Башар Асадтың қарулы күштердің химиялық қаруды қолданғаны туралы білмеуі де мүмкін деп жазады. Арнайы қызметтің қолында Б.Асад пен оның жақтастарының әскери бөлімдер мен арнайы бөлімшелердің командирлерімен келіссөздері бар көрінеді. Ол ақпарға сәйкес, әскерилер соңғы төрт жарым ай бойы президенттен химиялық қару қолдануды талап еткен екен. Алайда президент олардың талаптарын қабыл алмады. Газеттің пікірі бойынша, бұл Б. Асадтың химиялық қару қолдануға жеке басының қатысы жоқ екенін көрсетеді, бірақ ел президенті ретінде одан жауапкершілік алынбайтыны атап өтіледі. Осындай пікірлер бұрын да келтірілген. 28 тамыз күні Bloomberg порталы аты-жөні айтылмаған БҰҰ-ның өкіліне сілтеме жасай отырып, Дамаск қаласында химиялық қару қолдану туралы бұйрықты Башар Асадтың ағасы Махер Асад беруі мүмкін деп хабарлады.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!