Абхазияда Ресей вице-консулын атып кеткен

Фотография - Абхазияда Ресей вице-консулын атып кеткен

Дүйсенбі күні таңертең Сухумиде Ресейдің Абхазиядағы елшілігінің консул бөлімінің бірінші хатшысы Дмитрий Вишернев мерт болған

165 0

Дүйсенбі күні таңертең Сухумиде Ресейдің Абхазиядағы елшілігінің консул бөлімінің бірінші хатшысы Дмитрий Вишернев мерт болған.

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, 36 жастағы ресейлік дипломат таңертең көлігіне мініп жұмысқа шығар кезде белгісіз біреу атып кеткен. Вишерневпен бірге көлікте отырған оның әйелі жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Абхазияның президенті Александр Анкваб шұғыл жиын өткізіп, құқық органдарының басшыларына бұл қылмысты ашу үшін қолдан келгенннің барлығын жасауды тапсырған.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин бұл оқиғаның егжей-тегжейін тергеу ісі анықтағанша қандай да бір болжам жасау ерте болатынын айтқан.

Мәскеу Грузияның сепаратистік аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін 2008 жылы тамызда, Ресей әскері бұл аймақтардан грузин әскерін бес күндік соғыста ығыстырып шығарған соң таныған. Содан бері Ресей бұл аймақтарда әскер мен елшіліктерін ұстайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!