Facebook-та тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды

Фотография - Facebook-та тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды

Нью-Йорк штатындағы Баффало қалашығында дүкен қызметкерінің әлеуметтік желі арқылы шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйеліне тіл тигізгені анықталды

292 0

Нью-Йорк штатындағы Баффало қалашығында дүкен қызметкерінің әлеуметтік желі арқылы шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйеліне тіл тигізгені анықталды.

Әлеуметтік желіде әшкере болған бұл келеңсіз жайтты Америка-Ислам қатынасы жөніндегі комитет өкілдері сынай келіп, дүкендер желісінің басшылығынан тиісті шара қолдануды талап еткен болатын.

«Америка қоғамында нәсілшілдік дертін қоздыратын, сондай-ақ адам құқықтарына тіл тигізетіндерге орын болмауы тиіс», – делінген дүкендер желісінің басшылығына жолданған хатта.

Дүкендер желісінің басшылығы болған оқиғаны байыптай келе аталмыш комитеттің хатта айтылған талабын аяқсыз қалдырмай, боғауыз қызметкерді жұмыстан босатты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!