Ресей Сирияны химиялық қарудан арылуға шақырды

Фотография - Ресей Сирияны химиялық қарудан арылуға шақырды

Ресей Сирия билігін сырттан әскери шабуылға жол бермес үшін өзіндегі химиялық қару-жарақты «халықаралық бақылауға» беруге шақырды. Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем ресейлік әріптесі Сергей Лавров жеткізген Мәскеудің бұл бастамасын Дамаскінің қоштайтынын айтқан

172 0

Ресей Сирия билігін сырттан әскери шабуылға жол бермес үшін өзіндегі химиялық қару-жарақты «халықаралық бақылауға» беруге шақырды. Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем ресейлік әріптесі Сергей Лавров жеткізген Мәскеудің бұл бастамасын Дамаскінің қоштайтынын айтқан.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Тони Блинкен Кремльдың жоспарына Вашингтонның «зер салып қарайтынын» мәлімдеді.

Ресейдің жаңа ұсынысы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің «егер Сирия президенті Башар Асад әскери шабуылға ұшырағысы келмесе, бір аптаның ішінде өзіндегі химиялық қарудың барлығын тапсыруы тиіс» деген мәлімдемесінен соң айтылды. Керри өз сөзін ресми ұсыныс ретінде қабылдау керектігін атап өткен еді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун өз мәлімдемесінде Сирияның барлық химиялық қару-жарағын қауіпсіз жерге көшіріп, біржолата жоюды Дамаскіден талап ету туралы бастамамен БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне шығуы мүмкін екенін хабарлаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!