«Шешенстан жүрегі» мешіті Ресей символына айналды

Фотография - «Шешенстан жүрегі» мешіті Ресей символына айналды

«Ресей 10» байқауын ұйымдастырушылар «Шешенстан жүрегі» мешіті мен Коломень кремлін мерзімінен бұрын жеңімпаз деп тану  жөнінде шешім қабылдады

124 0

«Ресей 10» байқауын ұйымдастырушылар «Шешенстан жүрегі» мешіті мен Коломень кремлін мерзімінен бұрын жеңімпаз деп тану  жөнінде шешім қабылдады.

Ұйымдастырушылар неліктен мұндай қадамға барғандарын аталған нысандардың жартылай финалда байқауға қатысқан өзге нысандарға қарағанда он есе артық дауысқа ие болғандығымен түсіндіріп отыр. Бұл жайында ресейлік «Новости» ақпарат агенттігін хабар таратты.

«Россия 1» телеарнасы мен Орыс жағрафиялық қоғамы мұрындық болған бұл байқаудың үлкен дау-дамайға түрткі болғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Байқау басталысымен бірінші орынды еншілеп келе жатқан «Шешенстан жүрегі» мешіті күтпеген жерден Коломен кремлінен кейінгі екінші орынға сырғыған болатын. Шешенстан президенті Рамазан Қадыров мәлімдегендей, ұялы телефон операторлары «Шешенстан жүрегін» үздік деп таныған хабарламалар үшін ақы  алғанымен, дауыс есептеу турасына келгенде жауап ретінде серверді жүктегендері жөнінде хабарлама жіберіп отырған. Көзбояушылыққа наразылық танытқан ол аталмыш мешітті байқау тізімінен алдыртып та тастаған еді. Сондай-ақ, республика тұрғындарын «Мегафон» мен «Билайнның» орнына «Вайнах телеком» деп аталатын жергілікті ұялы байланыс операторының қызметін пайдалануға шақырған болатын.

Шешенстан басшысының әлгіндей әрекетінен кейін байқауды ұйымдастыру комитеті техникалық аудит жүргізуге пәрмен берді. Жоба үйлестірушісі мен Ресей телеарнасы тамыз айының 29-ы және 30-ы күндеріндегі тіркелмеген дауыстарды да елеусіз қалдырмай, барлығын ескеретіндіктерін жеткізді. Ұялы байланыс операторлары өз кезегінде байқаудың екінші мәресінде дауыс беру үшін хабарлама жіберген өз абоненттерінің шотына ақшаны қайтаруға уәде берді.

Осылайша ұйымдастыру комитетінің шешіміне сәйкес байқаудың ақтық мәресіне жоғарыда айтылған екі нысан да қатысатын болады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!