Сауатсыздық мұсылман әлемінің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді

Фотография - Сауатсыздық мұсылман әлемінің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді

Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелеріне жауапты ислам ұйымы (ИСЕСКО, ISESCO) осы ұйымға мүше елдерді мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, сауатсыздықты жою туралы бағдарламаны тездетіп енгізуге шақырды.

140 0

Естеріңізге сала кетсек, асыл дінімізде білім алуға, ізденуге жол ашық. Аталмыш ұйым осы заманғы білім берудің артықшылықтары мен тетіктерін пайдалана отырып, сауатсыздықты жоюдың оңтайлы саясатын жүргізуге үндейді.

"Мұсылмандардың сауатын ашу үшін мемлекеттің қаржысына ғана емес, сонымен қатар, зекет, уақыптан түсетін табысты пайдалану керек",- деп айтылған ИСЕСКО мәлімдемесінде.

Сауатты болудың дәстүрлі жолдары ғана емес, сонымен бірге, білім берудің барлық мүмкіндігін тиімді пайдалана отырып, санды да жетік білудің маңыздылығы айтылған мәлімдемеде.

Аталмыш ұйым сауаттылықтың жоғарғы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 2013-2015 жылдарға арналған жоспарда айтылғандай сауатсыз ересектер мен балаларға білім беруді көздейді.

Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!