Ресейдің Сирияға қатысты бастамасы АҚШ-қа ұнамай отыр

Фотография - Ресейдің Сирияға қатысты бастамасы АҚШ-қа ұнамай отыр

Сириядағы химиялық қаруды Халықаралық қауымдастықтың бақылауына өткізу туралы Ресейдің бастамасы АҚШ-қа ұнамай отыр. Мұны АҚШ президенті Барак Обама ашық түрде мәлім етті.

187 0

Сириядағы химиялық қаруды Халықаралық қауымдастықтың бақылауына өткізу туралы Ресейдің бастамасы АҚШ-қа ұнамай отыр. Мұны АҚШ президенті Барак Обама ашық түрде мәлім етті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефонда сөйлескен кезде Ресейдің Сирияға қатысты бастамасына күмәнмен қарайтынын жеткізген. Дегенмен, Ақ үй Ресейдің бұл ұсынысын қарап көретінін айтты.

Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллемнің Ресейдің бастамасын қолдау әрекеті АҚШ президенті әкімшілігінің жынын қоздырды.

Ал Германия канцлері Ангела Меркельге бұл бастама өте қызық көрінді. Бастаманың артынан Ресей жағы нақты әрекеттерге көшеді деп сенемін, дейді неміс басшысы. Ресейдің ұсынысы Франция басшылығын да қызықтырды. Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус ұсынысты мұқият қарап шығу қажет, оның бірқатар тиімді тұстары бар дейді.

9 қыркүйек күні РФ СІМ Сергей Лавров Сириядағы химиялық қаруды сақтайтын орынды ұсынды, ал оқ-дәрілер мен улы заттарды жою керектігін айтты.

«Сирия химиялық қаруды өткізуден бас тартқаны үшін АҚШ Сирияға шабуыл жасауға мәжбүр», - деп мәлім еткен болатын Джон Керри. Д.Керридің осы сөзінен кейін Сергей Лавров көп кешікпей Ресейдің Сирияға қатысты бастамасын жария етті.

Қазіргі кезде АҚШ-тың Сирияға басқыншылығын 25 мемлекет қолдап отыр. Олардың қатарында Албания, Хорватия, Дания, Эстония, Германия, Латвия, Литва, Румыния, БАӘ және тағы бірнеше ел бар. Мұның алдында «Үлкен жиырмалықтың» 11 елі: Канада, Франция, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Сауд Арабиясы, Испания, Түркия және Ұлыбритания қолдаған болатын.

Ғабит ҚАРАБАЙ


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!