Путинге қастандық жасаған қазақстандық 10 жылға қамалды

Фотография - Путинге қастандық жасаған қазақстандық 10 жылға қамалды

Мәскеу соты Владимир Путинге қастандық жасамақшы болды деген айыппен Қазақстан азаматы Илья Пьянзинді 10 жылға бас бостандығынан айырды

168 0

 Мәскеу соты Владимир Путинге қастандық жасамақшы болды деген айыппен Қазақстан азаматы Илья Пьянзинді 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Күдікті Пьянзин өз кінәсін мойнына алды. Сот процесі жабық режимде өтті. Істің деректері зерттелгеннен кейін, отырыс пікірталасқа көшті. Прокурор Пьянзиннің ісі талқылауға лайық емес, оны 15 жылға қамау керек, оған қоса, түрмеден шыққан соң 1 жылға шартты түрде соттау керек дейді.

Сотталушы өз айыбын мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған - деп хабаолады baq.kz

Істің материалдарына сәйкес, 3 жыл бұрын Пьянзинге Доку Умаровтың «Имарат Кавказ» заңсыз әскери ұйымына кіру туралы ұсыныс түседі. Мәскеуде автокөлікке жарылғыш зат қойып Ресей президентіне қастандық жасамақ болады. 4 қаңтарда қылмыстық топтың бір мүшесі Мадаев бомба дайындау кезінде көз жұмады. Ал Пьянзин мен Осмаевты Украинаның құқыққорғау органдарының қызметкерлері қолға түсіріп, Ильяны Мәскеуге алып кетеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!