АҚШ 11 қыркүйектегі лаңкестік құрбандарын еске алуда

Фотография - АҚШ 11 қыркүйектегі лаңкестік құрбандарын еске алуда

Бұл апат 3 мыңға жуық адамның өмірін жалмады.

155 0

АҚШ-та 11 қыркүйектегі лаңкестік құрбандарын еске алуда. 12 жыл бұрын дәл осы күні басып алған екі ұшақпен жанкешті-лаңкестер Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнарасы мен Вашингтондағы Пентагон ғимаратына шабуыл жасады. Үшінші ұшақ экипаж бен жолаушылардың кедергі келтіруінің арқасында межелі жеріне жетпей, Пенсильванияда апатқа ұшырады. Бұл апат 3 мыңға жуық адамның өмірін жалмады.

Лаңкестік оқиғасынан бері он жыл өткен кезде ашылған ұлттық мемориалда қаза тапқандардың отбасылары және құтқарушылардың қатысуымен еске алу шаралары өтеді.

Кешке Нью-Йорк аспанында алып екі сәуле пайда болады. Бұл қос сәуле қиратылған егіз мұнараны бейнелейді. Манхеттеннен 50 км қашықтықтан көрінетін қос сәуле таң ата ғайып болады, деп хабарлайды YTPO.ru.

2002 жылдан бері 11 қыркүйек АҚШ-та «Патриот күні» боп белгіленсе, 2009 жылдан бері бұл күн сондай-ақ, жалпыұлттық қызмет ету және еске алу күні мәртебесіне ие болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!