Бішкекте 12-13 қыркүйек күндері ШЫҰ саммиті өтеді

Фотография - Бішкекте 12-13 қыркүйек күндері ШЫҰ саммиті өтеді

Қырғызстан астанасында 2013 жылдың 12-13 қыркүйек аралығында алты мемлекет президенттерінің қатысумен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшыларының саммиті өтеді.

228 0

Қырғызстан астанасында 2013 жылдың 12-13 қыркүйек аралығында алты мемлекет президенттерінің қатысумен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшыларының саммиті өтеді.

Бішкектегі саммит жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және оның Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінен әріптестері қатысады. Бұл шараға барлығы сегіз елдің президенті, оның ішінде бақылаушы мемлекеттер: Моңғолия, Иран және Ауғанстан басшылары қатыспақ. Сонымен қатар, Үндістан мен Пәкістан жоғары деңгейлі қонақтар ретінде таныстырылады, деп хабарлады Қырғызстан Республикасының СІМ.

Саммитке, сонымен бірге, БҰҰ Бас хатшысының екі орынбасары, ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұров, БҰҰ арнайы өкілдері, ТМД Атқару комитеті мен басқа халықаралық ұйымдардың өкілдері келеді деп жоспарлануда.

Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Бешімов хабарлағандай, мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өте ауқымды болмақ. Басты тақырыптардың қатарында сауда-экономика, аймақтағы және жалпы бүкіл әлемдегі геосаяси жағдай қарастырылады. Негізгі тақырыптардың бірі - «Ауғанстан-2014», бұл келесі жылы елден халықаралық коалицияның шығарылуына байланысты. Саммитке қатысушылар Сириядағы жағдайды да шет қалдырмайды, сонымен қатар басқа да халықаралық мәселелерді талқыламақ.

Сонымен бірге, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары саммитте ШЫҰ Даму банкі және ШЫҰ Даму қорын құру мүмкіндіктері қарастырылатынын айтты. ШЫҰ мемлекет басшылары отырысының қортындысы бойынша Бішкек декларациясы және басқа да маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!