Иорданияда парламентке автомат алып кірген депутат әріптесіне оқ атты

Фотография - Иорданияда парламентке автомат алып кірген депутат әріптесіне оқ атты

Сейсенбі күні Иордания парламентінде бір депутат оқ атып, сыртқы істер комиссиясының отырысы орта тұсынан үзілді. Калашников автоматынан оқ атқан Таләл әл-Шариф есімді депутат екен

115 0

Сейсенбі күні Иордания парламентінде бір депутат оқ атып, сыртқы істер комиссиясының отырысы орта тұсынан үзілді. Калашников автоматынан оқ атқан Таләл әл-Шариф есімді депутат екен, деп хабарлайды Euronews.

Болжам бойынша, бұзақы шенеунік сөзге келісіп қалған әріптесін автоматпен жайратып салмақ болған. Бірақ оған уақытында келіп жеткен күзетші кедергі жасап, депутатқа бағытталған оқ төбеге тиіпті. Абырай болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Әзірге халық қалаулысының мұндай қылығына не себеп болғаны белгісіз. Бірақ бірқатар дерек көздері оған саяси көзқарастарының әралуандығы себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Өз әріптесінің мұндай қылығына наразы депутат: «Болған оқиға халқымызды мазақ қылып, еліміздің абыройына көлеңке түсірді. Депутаттың бұл қылығынан кейін біз қатаң шара қолданып, оны өз қатарымыздан шығарып тастауға міндеттіміз», - деген пікірімен бөлісті.

Болған оқиғаға қатысты шұғыл кездесуде осы пікірді басқа да депутаттар құптады. Соңғы шешім алдағы уақытта қабылданатын болады. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!