Мұсылмандардың киелі қалаларын жүрдек пойыз байланыстырады

Фотография - Мұсылмандардың киелі қалаларын жүрдек пойыз байланыстырады

Қасиетті Мекке мен Мәдина шаһарларының арасын жалғайтын жүрдек пойыз жолының құрылысы 2014 жылдың соңына қарай аяқталады. Бұл жайында ақпарат агенттіктеріне аталмыш жоба жетекшісі арнайы мәлімдеген еді.

193 0

Мекке қаласының Автокөлік департаментінің бас директоры Мұхаммед Маданидің айтуынша, жаңа теміржол желісі екі қала арасындағы тасымал жұмысын 80 пайызға жеңілдетуі тиіс.

Сондай-ақ, 450 шақырымды құрайтын аралықты енді жаңа теміржол желісі 2,5 сағатта еңсеруге мүмкіндік береді.Ал, осы теміржол желісі арқылы Жиддадан Меккеге жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта қатынауға болады.

Дәстүрлі ислам сәулеті бойынша салынатын теміржол инфрақұрылымында дүкендер, мейрамханалар, мешіттер, көлік тұрақтары, тікұшақ алаңдары және VIP-залдар қарастырылған. Жаңа темір жол жілісі арқылы жылына 3 млн-нан аса адам тасымалданады деп жоспарланып отыр.

Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!