Ресей Молдова шараптарына тыйым салды

Фотография - Ресей Молдова шараптарына тыйым салды

Ресей Молдова шараптарының кеденнен өтуіне тыйым салды. Шешім бүгін, 11 қыркүйекте күшіне енді. Ресейдің бас санитары Геннадий Онищенко сейсенбі күні "Молдова шараптарының құрамында зиянды қоспалар бар" деген еді

171 0


Ресей Молдова шараптарының кеденнен өтуіне тыйым салды. Шешім бүгін, 11 қыркүйекте күшіне енді. Ресейдің бас санитары Геннадий Онищенко сейсенбі күні "Молдова шараптарының құрамында зиянды қоспалар бар" деген еді. 

Молдова экономика министрі Валерий Лазар сейсенбі күні "Молдова шарабының сапасы туралы мәселенің саяси астары бар" деп мәлімдеді. Шарап өндірісі - Молдова экономикасының маңызды саласы.

Бұдан бір апта бұрын Мәскеу Украина шоколады мен басқа да өнімдерін кеденнен өткізуге тыйым салған еді. 

Осы айдың басында Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин "Молдова Еуропа Одағымен (ЕО) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған жағдайда Кремльдің кек қайтаратынын" ескерткен еді - деп хабарлады  azattyq.org

Мәскеу Молдова, Украина және басқа да бұрын СССР құрамында болған елдердің ЕО-мен жақындасуына кедергі келтіріп отыр.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!