Toyota көліктерінен тағы да ақау шықты

Фотография - Toyota көліктерінен тағы да ақау шықты

Жапондық "Тойота" компаниясы АҚШ пен Канададағы ақау табылған 880,5 мың көлігін кері қайтарып жатыр. Нақтысын айтқанда, «Тойота РАВ4» мен «Лексус Эйч-Эс 250-гибрид» өнімдері қайта жөндеп шығару үшін зауытқа қайтарылады

234 0

Жапондық "Тойота" компаниясы АҚШ пен Канададағы ақау табылған 880,5 мың көлігін кері қайтарып жатыр. Нақтысын айтқанда, «Тойота РАВ4» мен «Лексус Эйч-Эс 250-гибрид» өнімдері қайта жөндеп шығару үшін зауытқа қайтарылады. Бұл жайында кеше АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі ұлттық басқармасы хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін де Тойота компаниясы Солтүстік Америкадағы жүздеген мың көлігін қайта жөндеу үшін иелерінен жинап алған болатын. Газдың педалінен шыққан ақау ол кезде компания үшін миллиондаған доллар шығын алып келді.

Бұл жолы көліктердің артыңғы дөңгелегіндегі бір темір тетік дұрыстап қатырылмаған болып шықты. Мұндай шағыммен компания басшыларына 130 американдық арызданған.

Дегенмен, аталған жол талғамайтын көліктердің барлығы кері қайтарылмайды. Тек 2006-2011 жылдар аралығында зауыттан шыққан америкалық «Тойота РАВ4» және 2010 жылы шыққан Лексустер қайта жөндеуден өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!