Түркияда тағы да дүрбелең басталды

Фотография - Түркияда тағы да дүрбелең басталды

Бүгін түнде Түркияда тағы да тәртіпсіздіктер орын алды. Наразылық шеруі бүкіл елді шарпып, Ыстамбұл, Ізмір және Анкара көшелеріне мыңдаған адам шықты. Шерушілер елдің Премьер-Министрі Тайып Ердоғанның отставкаға кетуін талап етті

130 0

Бүгін түнде Түркияда тағы да тәртіпсіздіктер орын алды. Наразылық шеруі бүкіл елді шарпып, Ыстамбұл, Ізмір және Анкара көшелеріне мыңдаған адам шықты. Шерушілер елдің Премьер-Министрі Тайып Ердоғанның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Тараған ақпаратқа қарағанда, наразылық акциясына шыққандар тосқауыл құрып, арнайы қызмет жауынгерлеріне тас лақтырған. Ал тәртіп сақшылары шерушілерді сумен және көзден жас ағызатын газбен атқылаған. Сонымен қатар ел астанасы әуесіне полиция тікұшағы да көтерілген. Жарақат алғандар жайында ақпарат бар, ондаған адам тұтқынға алынған.

Үкіметке қарсы жаңа толқын барысында елдің оңтүстігінде наразылық акциясына қатысушылардың бірі мерт болды. Өткен жеңсенбі күні жас жігіт белгісіз жағдайда ғимараттың төбесін құлап кеткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!