Талақтың тамыры қайда жатыр?.

Фотография - Талақтың тамыры қайда жатыр?.

Түркияның Отбасы және әлеуметтік саясат жөніндегі министрлігі соңғы кездері тым жиілеп кеткен ажырасу себептеріне сараптамалар жүргізіп, отбасы ойранын шығаратын негізгі себептер тізімін жасаған болатын.

376 0

Түркияның Отбасы және әлеуметтік саясат жөніндегі министрлігі соңғы кездері тым жиілеп кеткен ажырасу себептеріне сараптамалар жүргізіп, отбасы ойранын шығаратын негізгі себептер тізімін жасаған болатын. Енді көрместей болып екіге айырылған ерлі-зайыптылардың бұл қадамға баруына бір-біріне деген құрметінің болмауы және жарының немен айналысып жүргеніне салғырт қарауы түрткі болады екен.

Ал, нәзікжандылар үшін босағаның берік, шаңырақтың биік болуы үшін алдымен күйеуінің тұрақты жұмыс орнының болғаны маңызды рөл атқарады. Ал, ер-азаматтардың ескеретіні келіншегінің бұрын есік көрмегені болып отыр. Оған сүйіп қосылған зайыбының өзі ұстанатын дінде болғанын қалайды. Сонымен қатар, ер адамдар да, әйел заты да серігінің жоғары білімді болғанын алдыңғы орынға қояды. Бұдан кейінгі орында ары әлеуметтік деңгейлерінің шамалас болғаны әрі өз ұлтынан болғаны керек.

Сауалнамаға қатысқандардың көбісі (44,2%) серігінің қалауына қарай отбасын құру шешімін өз беттерінше қабылдағанын айтса, респонденттердің 38,7%-ы жар таңдауда туған-туыстардың, әсіресе, ата-аналардың ықпалында кеткенін жеткізді.

Сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, Түркиядағы ерлі-зайыптылар көп уақытын теледидар алдында бірге өткізеді. Мұндай жұбайлар санын пайызға шаққанда 59,4 көрсеткішін құрайды. Ал 25,8%-ы дос-жаран, құрбы-құрдастары, ағайындарын аралағанды ұнататын болып шықты. 21,9%-ы – дүкен аралағанда бірге болатынын жеткізсе, 7,2 пайызы теңіз жағалауында, ал 6,1 пайызы кешкі ас үстінде бастары қосылатынын мәлім етті. 3,2 пайызы театр немесе киноға барғанда жұптары жазылмайтынын тілге тиек етті.

Талақ етудің тамырын іздеген сауалнаманың тағы бір нәтижесі, Түркиядағы ерлі-зайыптылардың 93,8%-ы түнгі сауық-сайраннан бойларын аулақ ұстаса, 82,5%-ы ішімдікті мүлдем татып алмайды екен.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!