Мұсылман әйелдер киімі Ресей сәнқойларын қызықтыруда

Фотография - Мұсылман әйелдер киімі Ресей сәнқойларын қызықтыруда

Осыдан біршама уақыт бұрын қараша айының 3-і мен 9-ы күндері аралығында Ростов қаласында Kids Fashion Week деп аталатын балалар сән үлгісінің апталығы өтетінін айтқан болатынбыз

598 0

Осыдан біршама уақыт бұрын қараша айының 3-і мен 9-ы күндері аралығында Ростов қаласында Kids Fashion Week деп аталатын балалар сән үлгісінің апталығы өтетінін айтқан болатынбыз. Биыл бұл шараның  «Толеранттылыққа балалық шақтан тәрбиелеу керек» деген тақырып аясында өтетінін хабарлаймыз.

Сән үлгілерінің тарихын жетік білетін әрі тележүргізуші Александр Васильев Ресей аумағында мұсылман әйелдер киім үлгілерінің сәнге айналғанына бес жылдай болғанын тілге тиек етті. «Біз бірте-бірте  шығыстың сән үлгілерін қолдана бастауымыз мүмкін. Несі бар, бұдан біз ұтпасақ, ұтылмайтынымыз кәміл»,- деді ойын ары сабақтаған ол.

Ол мұндай үрдістің белең алуын әлемдегі демографиялық ахуалдың өзгергенімен байланыстырады.

«Егер статистикаға сенсек, Ресейде бір отбасында 1,3 баладан, ал Азияда, мұсылман елдерінде 8,2 баладан келеді екен»,- деді ол сөзінің соңында.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!