Депутатты жұрт алдында өлтіріп кетті

Фотография - Депутатты жұрт алдында өлтіріп кетті

Мексикада депутаттардың бірін журналистерге сұхбат беріп тұрған жерінде белгісіз біреулер өлтіріп кетті

108 0

Мексикада депутаттардың бірін журналистерге сұхбат беріп тұрған жерінде белгісіз біреулер өлтіріп кетті.

Оқыс оқиға Морелия қаласында орын алған. Мичоакан штатының оппозициялық партия депутаты Осбальдо Лукатеро өз көлігінде отырып, тілшілерге сұхбат беріп жатқан сәтінде көлікке белгісіз біреулер келіп, ішінде отырған депутатты, оның інісін және көлік жүргізушісін күштеп түсірген.

Қылмыскерлер алдымен жәбірленушілерді тонаған, кейін қанжармен (мачете) әр қайсысын бірнеше рет пышақтапты. Салдарынан Лукатеро ауруханада көз жұмды.

Қазір Мичоакан штатының губернаторы құқық қорғау органдарына күдіктілерді жедел қолға түсіруді тапсырып отыр.

Айта кетейік, 2009 жылы депутат Лукатеро Familia Michoacana деп аталатын есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топқа қатысы бар деп айыпталған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!