Ташкент облысында қазақтар тұратын Қытай тепа ауылын бұзу туралы ақпарат расталмады

Фотография - Ташкент облысында қазақтар тұратын Қытай тепа ауылын бұзу туралы ақпарат расталмады

 Өзбекстанда жаппай қазақтар тұратын ауыл қиратылды  деген қазақстандық ақпарат агенттіктерінің бірі таратқан ақпарат расталмады

227 0

 Өзбекстанда жаппай қазақтар тұратын ауыл қиратылды  деген қазақстандық ақпарат агенттіктерінің бірі таратқан ақпарат расталмады.

Осыған дейін, ақпарат агенттіктерінің бірінде Ташкент облысының Юкорычирчикс ауданының Қытай тепа ауылының қиратылғаны жайлы ақпарат берілген болатын. Ол жерде негізінен қазақтар тұрса керек. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты.

Агенттік тілшісі жоғарыда айтылған ауданға барған кезінде белгілі болғаны, Ташкенттен Газелкентке апаратын жол бойында жаңа үлгідегі жекеменшік үйлердың құрылысы жүргізіліп жатыр екен.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік органдар ескі үйлерді бұзып, ауылдық жерді абаттандыруға байланысты және туристерге арналған инфрақұрылымдар салу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салу туралы шешім шығарған көрінеді. Үйлері бұзылуға кеткен отбасыларға 6 сотық жер учаскері мен банк есебіне орта есеппен алғанда 40 мың АҚШ доллары аударылған. Пайдалануға берілген жер учаскелерінде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр - деп хабарлады ҚазАқпарат

Тұрғындардың айтуына қарағанда, Қытай тепа ауылында негізінен қазақтар тұрады, сондықтан жол бойындағы бұзылған 17 үйдің қазақ отбасыларына тиесілі екені таңғалдыратын жағдай емес.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!