Нидерланды Индонезия халқынан кешірім сұрады

Фотография - Нидерланды Индонезия халқынан кешірім сұрады

Нидерландының Индонезиядағы елшісі Тьерд де Зваан голланд әскерилерімен 1945 жылы Индонезия халқына қиянат жасағаны үшін кешірім сұрады

219 0

Нидерландының Индонезиядағы елшісі Тьерд де Зваан голланд әскерилерімен 1945 жылы Индонезия халқына қиянат жасағаны үшін кешірім сұрады.

Сол уақыттағы БҰҰ-ның жариялаған есебі бойынша, 1947 жылдың қаңтар айында 200-ден аса индонезиялық ер-азаматтар сол кезде Целебес деп аталған жергілікті үкімет ғимаратының қарсы алдында өлім жазасына кесілді. Дәл сол жылы Балонгсари ауылында кем дегенде 150 адам аяусыз өлтірілді.

Гаага осыған дейін кешірім сұраған, кей жағдайларда өтемақы да төлеп тұрды. Бірақ ресми түрде кешірім сұрауы бірінші рет болып тұр.

Шара Джакартадағы Нидерланды елшілігінде құрбандардың бірнеше туыстарының қатысуымен өтті.

"Қаза болғандардың жесір әйелдерінің ешқайсысы бұл шараға қатыспады. Себебі олар Сулавеси аралында тұрады, астанаға келуге денсаулықтары жарамайды, тым әлсіз", - деді NOS голландиялық телеарнасы.

«Нидерланды үкіметі Индонезиядағы сот шешімінсіз құрбан болғандардың жесір әйелдерінің алдында жауапты екенін біледі», - деді Зваан.

«Кейде бір-біріміздің көзімізге тура қарап, алға қарай бірге жүруіміз үшін өткенге көз тастаған жөн. Ресми түрде кешірім сұрау салтанатының негізгі мәні сонда» - деп сөзін жалғастырды ол.

Атап өтейік, кезінде өлім жазаларына қатысқан голландық әскерилердің ешқайсысы да сот алдында жауап бермеді. Нидерландыдағы екі даулы сот шешімінен кейін ғана кейбір жесір әйелдерге 20 мың еуродан өтемақы төленді.

Нидерланды Индонезияның тәуелсіздігін 1949 жылы ғана мойындады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!