Бішкекте ШЫҰ саммиті басталады

Фотография - Бішкекте ШЫҰ саммиті басталады

Бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен ұйымның саммиті ашылады

273 0

Бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен ұйымның саммиті ашылады. Саммитке осы ұйымға бақылаушы мәртебесі бар Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Моңғолия мен Үндістан, диалог бойынша серіктес елдер – Түркия, Беларусь және Шри-Ланка, ал Түркіменстан – «арнайы шақырылған тарап» ретінде қатысады.

Бішкектегі жиынның күн тәртібінде аймақтағы қауіпсіздік мәселелері қаралады. Солардың қатарында НАТО әскери күшінің 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан біржола кету жоспарына байланысты аймақтық қауіпсіздік жайы талқыланады. Сонымен бірге Сирияның жағдайы да сөз болады. Бұған қоса жиында экономикалық байланыстарды нығайту мәселесі де қозғалады.

Саммит аясында Иранның жаңа президенті Хасан Роухани Ресей, Қытай және Қырғызстан басшыларымен келіссөздер өткізеді деп хабарланған.

Бішкек саммитінің қорытындысы бойынша Бішкек декларациясын қабылдау жоспарланған.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!