Керри мен Лавров Сирияға қатысты алшақ пікірде

Фотография - Керри мен Лавров Сирияға қатысты алшақ пікірде

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женевада Сирияның химиялық қаруына Мәскеудің ұсынған жоспарын талқылап жатыр.

175 0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женевада Сирияның химиялық қаруына Мәскеудің ұсынған жоспарын талқылап жатыр.

Бейсенбі күнгі кездесуде тараптардың арасында пікір қайшылығы туындады. Керридің айтуынша, егер Сирия президенті Башар Асадтың үкіметі тиым салынған қару-жарақ қорын халықаралық қауымдастықтың бақылауына беруден бас тартса, Сирияға қарсы әскери операция бастамасы күшінде қалуы тиіс. Лавров бұл дағдарыс тек бейбіт жолмен ғана шешілуі керек деп отыр.

Бұған дейін Ресей телеарнасына берген сұхбатында президент Асад өз елі химиялық қаруды тапсыруға АҚШ-тан қорыққандықтан емес, Мәскеудің жүргізген дипломатиялық іс-шараларының нәтижесінде келіскенін мәлімдеген еді. Бұған қоса ол химиялық қару-жараққа қарсы халықаралық келісімге Сирияның қосылуға дайын екендігін айтқан. БҰҰ аталған келісімге қосылуға қажетті құжаттардың ұйымға келіп түскенін хабарлаған.

Дамаск маңында 21 тамызда газ шабуылынан жүздеген адам қаза болған соң АҚШ президенті Барак Обама Сирияға қарсы әскери операция бастау туралы мәлімдеме жасаған еді.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!