Шыңжаңда үш адам өлім жазасына кесілді

Фотография - Шыңжаңда үш адам өлім жазасына кесілді

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында бейсенбі күні сот үш адамды өлім жазасына кесу туралы үкім шығарған. Тағы бір адам 25 жылға түрмеге кесілген. Сотталғандардың барлығы терроризмге қатысы бар деп айыпталған.

240 0

Өлім жазасына кесілгендердің барлығы этникалық ұйғыр азаматтары екені хабарланды.

Қытай тергеу орындары бұл адамдарға биыл шілде айында осы аймақта болған қақтығыстарға байланысты айып таққан еді. Қытай билігі жаздағы оқиғаны "діни экстремистер ұйымдастырған" деп сипаттаған. Мемлекеттік ақпарат құралдары қарулы адамдардың полиция учаскесіне шабуыл жасап, полиция қызметкерлерінің көліктерін жағып жібергенін хабарлаған. Тәртіпсіздіктер барысында 35 адам мерт болған.

Өткен айда Шыңжаң соты "2013 жылдың сәуірінде болған қақтығыстарға қатысы бар" деген екі айыптыны өлім жазасына кесіп, тағы үш адамға тоғыз жылдан бастап өмір бойы түрмеде отыруға дейінгі үкім шығарған.

2009 жылы шілдеде Шыңжаңда этникалық қытайлар мен ұйғырлар арасындағы қақтығыстардан 200-ге жуық адам құрбан болған еді.

Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!