Ресей ауруханасындағы өрттен екі адам өлген

Фотография - Ресей ауруханасындағы өрттен екі адам өлген

Ресейдің Новгород облысындағы Лука деп аталатын елді мекендегі психиатриялық ауруханада өткен түні болған өрт салдарынан кемінде 2 адам мерт болған.

152 0

Ресейдің Новгород облысындағы Лука деп аталатын елді мекендегі психиатриялық ауруханада өткен түні болған өрт салдарынан кемінде 2 адам мерт болған.

Бұл туралы жұма күні облыс губернаторы Сергей Митин өрт болған жерде екі адамның жансыз денесі табылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, үш адам өрттен жеңіл жарақат алған.

Ресей ақпарат құралдары қаза болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін деп хабарлады.

Ағаштан тұрғызылған бір қабатты аурухана ғимараты түк қалмай жанып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мекемеде болған 60-қа жуық адамның 15-і – төөсек тартып жатқан науқастар екенін хабарлаған. 23 адам өрт болған жерден көшірілген, ал 37 адамның тағдыры әзірге белгісіз қалып отырғаны айтылады.

Бұған дейінгі ақпаратта өртенген ғимараттан адамдарды құтқарып жүрген осы ауруханада жұмыс істейтін бір әйелдің қаза тапқаны туралы хабарланған еді.

Ресейде осыған ұқсас қайғылы оқиғалар бұған дейін де тіркелген еді. Биыл сәуірде Мәскеу маңындағы психиатриялық ауруханада өрт болып, 36 адам қаза тапқан.

2009 жылы қаңтарда Ресейдің Коми республикасындағы Подъельск ауылында қарттар үйінің өртеніп, 23 адам құрбан болған еді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!