Ресейде "гомосексуализмді насихаттаған" телеарна ескерту алды

Фотография - Ресейде "гомосексуализмді насихаттаған" телеарна ескерту алды

Ресейлік "Еврокино" телеарнасы гомосексуализмді насихаттағаны үшін ескерту алды. "Роскомнадзордың" хабарлауынша, телеарнаға "Махаббат әндері" атты француз мюзиклін көрсеткені үшін ескерту жасалған.

179 0

Ресейлік "Еврокино" телеарнасы гомосексуализмді насихаттағаны үшін ескерту алды. "Роскомнадзордың" хабарлауынша, телеарнаға "Махаббат әндері" атты француз мюзиклін көрсеткені үшін ескерту жасалған. Ведомство мамандарының пікірінше, бұл мюзикл "дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттайды".

Режиссер Кристоф Оноренің фильміне Луи Гарель, Людивин Санье, Клотильда Эсме и Киара Мастрояни түскен. 2007 жылы фильм Канн халықаралық кинофестивалінде көрсетілген еді. 2008 жылы мюзикл "Сезар" киножүлдесін ұтып алған.

Ресейде жақында кәмелет жасқа толмағандар арасында дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды. Жаңа заң құқық қорғаушылар арасында наразылық тудырды. Олар "заң азаматтардың құқығын жыныстық ерекшеліктеріне қарап шектеуге ұрындыратынын" айтады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!