Түркиядағы үңгір-мешіт туристер көзайымына айналуда

Фотография - Түркиядағы үңгір-мешіт туристер көзайымына айналуда

Түркияның Игдыр облысының жергілікті тұрғындары Құдайға құлшылық етіп, бес уақыт намаз парыздарын үңгір-мешітте өтеуді әдетке айналдырған

267 0

Түркияның Игдыр облысының жергілікті тұрғындары Құдайға құлшылық етіп, бес уақыт намаз парыздарын үңгір-мешітте өтеуді әдетке айналдырған. Еңселі адам еңкеймей кіре алатын үңгір ішіндегі екі бөліктен тұратын мешітте бір мезгілде елу адамға дейін ғибадат ете алады. Тас үңгірді талғамдарына сай жаңартқан жамағат өз қаражатына электр қуатын тартып, еденіне кілем төсеген.

Икрам Шынар есімді жергілікті тұрғынның сөзіне қарағанда, бұл мешіттің өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырдың бас кезінде жергілікті мұсылмандар осы үңгірде намаз оқып, қарулы қарақшылардан қорғанған.

«Талай жыл бойы тарихы тереңде жатқан осы үңгірде Жаратқанға жалбарынамыз. Ауылымызда мешіт жоқ емес, бар. Бірақ, осы жерде намаз оқудың өзі бір ғанибет. Осы мешітте намаз оқып, ерекше әсерге бөлену үшін шалғай жерден ат шалдырып келетіндер көп»,– дейді ол.

Бұған қоса, үңгір-мешіт туристердің де көзайымына айналған. Жергілікті тұрғындар ерекше мешіттерінің меймандарға қолайлы болуына қолдан келгендерін жасауда. Үнемі салқын болып тұратын үңгірде табанынан сыз өтіп, тоңдырмас үшін төселген кілемдер де арнайы қолдан тоқылған болып шықты.Ал, қыстың көзі қырауда жылыту орталығы ретінде пеш те орнатылған.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!