Делиде жыныстық қылмыс жасағандар өлім жазасына кесілді

Фотография - Делиде жыныстық қылмыс жасағандар өлім жазасына кесілді

13 қыркүйекте Дели соты топ болып әйел зорлау қылмысына қатысты айып тағылған төрт адамға өлім жазасын шығарды. Үндістан заңына сәйкес, енді Жоғарғы сот бекіткен соң үкім орындалуы мүмкін.

249 0

13 қыркүйекте Дели соты топ болып әйел зорлау қылмысына қатысты айып тағылған төрт адамға өлім жазасын шығарды. Үндістан заңына сәйкес, енді Жоғарғы сот бекіткен соң үкім орындалуы мүмкін.

Жәбірленуші тарап пен бірқатар саясаткерлер мен шенеуніктер бұған дейін сотты қылмыстық іс бойынша айып тағылғандарға өлім жазасын тағайындауға шақырған.

Тамыз айының соңында Делидің кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі соты осы қылмысқа қатысты айып тағылған жас азаматты үш жылға бас еркіндігінен айырған еді. Үндістан заңы бойынша бұл – кәмелетке толмағандарға тағайындалатын ең қатаң жаза. Қылмыс жасалған кезде 17 жаста болған айыпкер өз кінәсін мойындаған жоқ.

Осы қылмыстық іске қатысты айып тағылған тағы бір адамның асылып тұрған жансыз денесі түрме камерасында табылғаны туралы биыл наурызда хабарланған.

Былтыр желтоқсанда Делиде 23 жастағы студент қызды көшеде бір топ адам зорлап, өлімші етіп ұрып-соғып кеткен соң екі аптадан кейін ол қыз қайтыс болды.

Бұл қылмыстық оқиға Үндістан қоғамында жұртшылықтың қатты наразылығын туғызып, парламент жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарына қатысты жауапкершілікті қатайтатын заң қабылдаған еді.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!