2025 жылға қарай тағы 25 млн. еуропалық кедейшілікке тап болуы мүмкін

Фотография - 2025 жылға қарай тағы 25 млн. еуропалық кедейшілікке тап болуы мүмкін

Халықаралық Oxfam қайырымдылық ұйымы ЕО-ға мүше мемлекеттер үкіметтеріне қатаң үнемдеу бағдарламасын жалғастырудың қатері жайында алдын ала ескерту жасады

150 0

Халықаралық Oxfam қайырымдылық ұйымы ЕО-ға мүше мемлекеттер үкіметтеріне қатаң үнемдеу бағдарламасын жалғастырудың қатері жайында алдын ала ескерту жасады. Әйтпегенде, 2025 жылға қарай тағы 25 млн. еуропалық кедейшілік тауқыметін сезінетін болады, деп жазады ВВС.

Oxfam ұйымының еуропалық бөлімі басшысы Наталия Алонсо қатаң үнемдеу шараларын моральдық және экономикалық тұрғыда ақылға қонбайтын қадамдар деп бағалауда. Оның сөзінше, әлеуметтік көмекті, медицина, білім беру, салаларын қаржыландыруды төмендету, сондай-ақ салық салудағы әділетсіз саясат әлеуметтік құқық үшін ондаған жыл жүргізілген күресті жоққа шығаруы мүмкін.

Бұдан бұрын Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу ЕО елдерін экономикалық өсім қалпына келсе де, реформаларды доғармауға шақырған еді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!